Мал жүнін үйді жылытуда пайдалануға болады

Мал жүнін үйді жылытуда пайдалануға болады
Сурет: Egemen.kz

Нақтырақ айтқанда, мал жүнінен үйді жылытуға арналған материал шығару жоспарлануда.

Ақтөбеде қойдың жүнін пайдаланудың жаңа тәсілі ойлап табылды. Шикізат Италия технологиясы бойынша өңделеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Qazaqtv.com сайтына сілтеме жасап. 

Бірегей өндіріс шетелдік инвесторлардың қолдауымен жүзеге асырылмақ. Жоба құны - шамамен 10 млн доллар.

 «Мемлекет тарапынан, әрине, қолдау бар. Мәселе мынада - бізде жүннің бастапқы өңделуі Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарайды, ал оның кейінгі өңдеу жұмыстары, өңдеу өнеркәсібі Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің қарауында. Олардың бізге ұсынатын субдикцияланған несие беретін мемлекеттік қолдау бағдарламалары бар», - дейді кәсіпорын директоры Ерлан Жаңабергенов. 

Өңірдің барлық аудандарында қой жүнін жинау пункттері ашылады. Сарапшылардың айтуынша, жобаны іске асыру үлкен әсерін тигізуде, мысалы, отандық фермерлер өз шикізаттарын өткізе алады. Жыл сайын аймақта үш жарым мың тоннаға дейін қой жүні жиналады. Сондай-ақ, жануарлардың терісі де өңделеді, олардан желатин өнімін шығару жоспарланып отыр.

Дайын өнімнің бірінші партиясын келесі жылы алу жоспарлануда. Жаңа өндірістің іске қосылуына байланысты тұрақты жұмыс орындары пайда болып, аудандарда жүнді өңдеп шығаратын орталықтар ашылады.