Мал дәрігерлері мәртебесі бар мамандарға айналады

Мал дәрігерлері мәртебесі бар мамандарға айналады
Cурет: Ult.kz

 Қазақстанда ветеринар мамандардың мәртебесі заңмен бекітілмек.

Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы Асқар Жақыпбаев мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Өкінішке қарай, 11/93 қаулысына сәйкес, ветеринарлардың мәртебесі заңмен нақтыланбаған. Құжатта ветеринарлар туралы «тағы сол сияқты» деген бөлікте айтылған. Бұл теріс әсер етеді. Сондықтан, алдымен, ветеринарлардың мәртебесі бекітіледі. Ұстаздарда бар, дәрігерлерде бар, ал ветеринарларда мәртебе жоқ», – деді Асқар Жақыпбаев Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, арнайы мәртебе берілген жағдайда, еңбек демалысына шыққан ветеринарға сауықтыру бойынша екі айлық жалақы көлемінде жәрдемақы, сондай-ақ ғылыми дәрежесіне қарай үстемақы қарастырылып отыр.

АШМ өкілі айтқан келесі жаңашылдық - ветеринарлар арнайы киім және құрал-жабдықпен қамтамасыз етілмек.