Қаңтарда Қазақстанда тіркелген көліктер саны 27%-ға өсті

Қаңтарда Қазақстанда тіркелген көліктер саны 27%-ға өсті
Сурет: ашық дереккөз

Биылғы қаңтарда есепке 126,9 мың бірлік автокөлік құралы қойылды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 27,3% артық, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz  Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, жеңіл автомобильдер 25,9%-ға, жүк автомобильдері 39,5%-ға артты, автобустар 2 есеге артқан.

«Осылайша, 2023 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша, Қазақстанда тіркелген автокөлік құралдарының саны 4 518,7 мың бірлікті құрады (01.02.2022 – 4 308,6 мың), оның ішінде 87,9% – жеңіл автомобильдер, 10% – жүк автомобильдері, 2,1% – автобустар», - дейді мамандар.

Айта кетерлігі, 2023 жылғы қаңтарда 844 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 1274 адам зардап шеккен. Дегенмен, өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда зардап шеккендер саны 2,7%-ға азайған.

«2023 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша, көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру ұйымдары 4,3 млн  теңге сомасында 7879 сақтандыру төлемін жүзеге асырған», - деді Бюро мамандары.