Махмуд Сабырхан ганалық қарсыласын қапы қалдырды

Махмуд Сабырхан ганалық қарсыласын қапы қалдырды
Сурет: Ашық дереккөз

Бірінші раундта төрешілер Махмудтың басымдығына қолдау білдірді

Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында Махмуд Сабырхан (54 келі) жартылай финалға жолдама алды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Кешкі сессияда ел құрамасынан рингке екінші болып Махмуд Сабырхан көтерілді. Ол ганалық Мохаммедо Амадумен қолғап түйістірді.

Бірінші раундта төрешілер Махмудтың басымдығына қолдау білдірді. Екінші раундта ол жылдам әрекетімен жеңіске жақындай түсті.

Нәтижесінде қазақстандық боксшы қарсыласын қапы қалдырып, жартылай финалға жолдама алды.

Айта кетсек, Махмуд Сабырхан 2021 жылы әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанған еді.