Лейк-Плэсид Қысқы Универсиадасы мәреге жетті

Лейк-Плэсид Қысқы Универсиадасы мәреге жетті
halyq-uni.kz

Қазақстан құрамасы Универсиаданы он бірінші орынмен аяқтады

АҚШ-тың Лейк-Плэсид қаласында өткен 2023 жылғы қысқы Универсиадада Қазақстанның студенттік құрамасы он бір жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.

Аталған нәтиже еліміз құрамасына жалпы есепте 11-ші орынға шығуға мүмкіндік берді. Атап айтқанда, Бекентай Тұрлыбеков (биатлон), Вадим Куралес (биатлон) және Данил Васильев (шаңғымен секіру) Универсиада-2023 чемпионы атанды. Күміс жүлдені шорт-трек (ерлер және аралас) және шаңғымен трамплиннен секіру (ерлер) бойынша Қазақстан құрамалары, Александр Мухин (биатлон) жеңіп алды. Қола жүлдені хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы, биатлоннан әйелдер құрамасы, Александр Мухин (биатлон) және Ксения Шалыгин (биатлон) жеңіп алды.

Универсиада-2023 қорытындысы бойынша, жалпыкомандалық есепте Жапония құрамасы 48 медальмен жеңіске жетті. Оңтүстік Корея 29 жүлдемен екінші болса, Канада 13 жүлдемен үздік үштікті түйіндеді.