Көлсайда коньки тепкен алматылық мәнерлеп сырғанаушы жұртты сүйсіндірді

Көлсайда коньки тепкен алматылық мәнерлеп сырғанаушы жұртты сүйсіндірді
Cурет: Inform.kz

Көлсайдың ғажайып мұзы

Алматылық мәнерлеп сырғанаушы Ксения Панкратова Көлсайда коньки теуіп, тағы да көпшіліктің ықыласына бөленді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Ксения Панкратова сырғанаған сәтін Instagram парақшасында жариялап, «Көлсайдың ғажайып мұзы», деген жазу қалдырды.
Желі қолданушылары видео астына «Ғажайып», «Сондай әдемі», «Сәнді видео», «Тамаша», «Әдеттегідей теңдессіз», «Қазақстанның туын алып сырғанағанда одан да керемет болар еді», «Ертегідегідей», - деген пікір қалдырып, жылы лебіздері жеткізіп, таңқалысты.

Айта кетсек, биыл жыл басында Ксения Панкратова мұз қатқан Қапшағай су қоймасында қызыл көйлекпен сырғанап, желі қолданушыларының көзайымына айналған еді.

Сондай-ақ, сәуір айында мәнерлеп сырғанаушы Баянауылдың сұлулығын көрсетіп, желідегілерді тағы қуантты.
Еске салсақ, спортшы, бапкер Ксения Панкратова Үлкен Алматы көлінде мәнерлеп сырғанап, 2018 жылдан бастап, көпшіліктің көңілінен шыға бастап еді.