Күзде 2,5 мыңға жуық көшет отырғызылады

Күзде 2,5 мыңға жуық көшет отырғызылады
Сурет: Aikyn.kz

Аудандағы ағаштың 25%-ы апатты немесе ауыр жағдайда.

Қазіргі уақытта Алмалы ауданында 223 мың ағаш бар, биыл жылдың басынан бері 6,6 мың ағаш санитарлық кесілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Жалпы пайдалану орындарында 250 апатты ағаш бар. Оның орнына күзде 2,5 мыңға жуық көшет отырғызылады.

Ағымдағы жылдың қыркүйек айында қаланың аула аумақтарын қамтумен жұмыс жалғастырылатын болады. Жалпы, кесіледі деп жоспарланған 5 мың апатты ағаштың 800-і Алмалы ауданында.

«Өткен кездесуде Sulpak ғимаратының жанында егілмеген көшеттер мәселесі көтерілді. Менің тапсырмам бойынша соңғы 2 жылда ауданда отырғызылған 3 мың көшет жағдайына мониторинг жүргізілді және осы күзде қызмет көрсететін ұйымдар өз қаражаты есебінен 90 көшетті қайта отырғызады», - деді әкім бүгінгі кездесуде.