Құрбандарды еске алды

Құрбандарды еске алды
Суретті түсірген - С.Құсайынов

Amanat партиясының Наурызбай аудандық филиалында саяси қуғын-сүргін құрбандарын және ашаршылық құрбандарын еске алуға арналған іс-шара өтті.

Жиынға Наурызбай ауданынан сайланған мәслихат депутаттары мен ардагерлер кеңесінің мүшелері қатысты. Жиналған қауым қуғын-сүргін мен ашаршылық құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алды.

«Тарихи, ерекше күндердің бірі. Ата-бабамыз көрген қиындықты көрмесек те, естіп, біліп өстік. Бірақ сол репрессия құрбандарының сүйегі қайда қалғанын білмейміз. Көмусіз қалды. Шын мәнінде, 1917–1953 жылдар аралығында 4,5 миллион қазақтан айырылдық. 1918 жылғы санақ бойынша, қазақ халқының саны 6,5 миллион болған. Азапты жылдардың қасіреті ешқашан ұмытылмайды», – деді Наурызбай аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мәдениет Кәркенов.