Күніне қанша мөлшерде кофе ішкен дұрыс?

Күніне қанша мөлшерде кофе ішкен дұрыс?
Сурет: Sberbusiness.live

Дәрігер денсаулыққа зияны тимейтіндей күніне кофені қаншалықты мөлшерде ішуге болатынын айтты

Күніне екі шәшкеден аспайтындай мөлшерде кофе ішуге болады. Бұл туралы дәрігер-гастроэнтеролог  және диетолог Нүрия Дианова айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Ол сусын ми қызметінің күшті стимуляторы екенін, бірақ шамадан тыс болса, асқазанда қыжыл тудыруы және жүрек соғу жылдамдығына әсер етуі мүмкін екенін атап өтті.

«Күніне екі шыныаяқтан аспай тындай кофе ішу керек, оның өзін бірінен кейін бірін емес, мысалы, таңертең және кешкі сағат төрт-бес шамасында», — деді дәрігер news.ru-ға берген сұхбатында.

Маман кофе асқазан-ішек жолдарының органдарына теріс әсер ететінін атап өтті, өйткені ол тұз қышқылының көп мөлшерін шығарады. Сергіп алу үшін ішетін бір кесе кофені жаттығу жасаумен немесе ұйқымен алмастыруға болады.

Сонымен қатар, дәрігер цирроз, асқазан жарасы, панкреатит және аритмиямен ауыратын адамдар кофеден бас тартуы керек деп ескертті. Оның орнына кофеге ұқсайтын, бірақ құрамында көп қоректік заттар бар цикорий ішкен дұрыс.