Күн қайта жылынады

Күн қайта жылынады
Сурет: ашық дереккөз

Қазақстан синоптиктері алдағы үш күнде – 14-16 қараша күндері ауа райы қандай болатынын айтты.

Болжам бойынша, күн мезгілсіз жылы болады, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, қараша айының қалыпты емес жылы болуы қыстың басталуын едәуір кейінге қалдырды. Болжам бойынша жылы күндер әлі де сақталады.

"Басынан бастап Қазақстанның батысы, содан кейін қалған аймақтары екі – оңтүстік және Атлант мұхиты циклонының ықпалында болады. Олар ауа райын бұлтты және жаңбырлы етеді. Ал температура фоны айтарлықтай монотонды болады деп болжанып отыр. Бірақ орташа жылы", - делінген хабарламада.

Болжам бойынша, тек еліміздің оңтүстік облыстарында көшпелі бұлт шығып, күндіз ауа температурасы +17+22°С-қа дейін көтеріледі.