Елімізде 170 мыңнан аса арнаулы жағдай жасауды талап ететін бала бар

Елімізде 170 мыңнан аса арнаулы жағдай жасауды талап ететін бала бар
Сурет: Lifteq.ru

Бұл туралы «Арнаулы және инклюзивті білім беруді дамыту ұлттық ғылыми-тәжірибелік орталығы» РМК басшысы Әйгерім Күдеринова айтты.

Елімізде арнаулы жағдай жасауды талап ететін мүмкіндігі шектеулі балалардың саны 170 мыңнан асады деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Бүгінгі таңда ерекше білім беруді қажет ететін балалардың арасында арнаулы жағдай жасауды талап ететін мүмкіндігі шектеулі балалардың саны 170 мыңнан асады. Оның ішінде ерте жастағы баланың саны 7 мыңнан астам, мектепке дейінгі балалардың саны 54 мыңнан астам,  мектеп жасындағы балалардың саны 97 мыңнан астам және жасөспірімдер саны 14 990 екен. Оның ішінде білім және тәрбиемен қамтылған 113 994 бала бар. Бұл ретте инклюзивті білім берумен 2 есе бала қамтылғанын атап өту керек», - деді орталық басшысы.

Оның дерегінше, 14 мыңнан астам бала жалпы балабақшалармен, 9 799 бала арнаулы балабақшалармен және арнаулы топтармен қамтылған.

«Жалпы білім беретін мектептерде 44 мыңнан астам бала оқиды. Арнаулы мектептер мен арнаулы сыныптарда 24 мыңнан астам бала білім алады. Сонымен қатар колледждерде 2 100 студент оқып жатыр. Ал үйде оқитын балалардың саны – 18 327», - деді Әйгерім Күдеринова.