Үшінші орынды місе тұтты

Үшінші орынды місе тұтты
Сурет: ҚР Туризм және спорт министрлігі

Армения астанасы Ереванда самбодан өткен 48-ші әлем чемпионаты аяқталып, 65 мемлекеттің қатысуымен жалғасқан бәсекеде Қазақстан құрамасы 3-орын алды, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

Тізім басын 13 алтын, 2 күміс, 3 қола алған Ресей бастаса, 2 алтын, 1 күміс, 3 қолаға қол жеткізген Өзбекстан екінші орынға жайғасты. Ал  1 алтын, 2 күміс, 5 қоланы алған Қазақстан үшінші орында тұр.  

Ел қоржынына жүлде әперген спортшылар: ауыр салмақта Арайлым Әбенова алтын алса, 80 келі салмақта өнер көрсеткен Еламан Қойшыбаев және 50 келі салмақта кілемге шыққан Маргарита Бажаева күмісті місе тұтты. Ал (71 келі)  Арнұр Қуатай, (98 келі) Әлібек Зекенов, (54 келі) Гүлдана Әлмұханбетова, (72 келі) Шынар Абатовалар қоланы қанағат тұтты. Жауынгерлік самбо бойынша  ауыр салмақта өнер көрсеткен  (+98 келі) Талғат Жиентаев та қолаға қол жеткізді.

Келесі самбодан әлем чемптонатын 2024 жылы қараша айында екінші мәрте Астана қаласы қабылдайды.