Алматы қаласында Қазақстан қаржыгерлерінің XI конгресі өтеді

Алматы қаласында Қазақстан қаржыгерлерінің XI конгресі өтеді Сурет: Stan.kz

15 қараша күні Алматы қаласында Қазақстан қаржыгерлерінің XI конгресі өтеді.


Онда «Цифрлық теңге» жобасын іске асыру қорытындылары таныстырылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 



Аталған шараны ҚР Ұлттық Банкінің және Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қолдауымен Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы ұйымдастыруда.


Қаржыгерлер конгресінің панельдік сессияларында шетелдік орталық банктер мен қаржы институттарының басшылары, қазақстандық мемлекеттік органдар мен қаржы ұйымдарының өкілдері макроэкономикалық саясат пен қаржы секторының өзекті мәселелерін талқылайды.


Сонымен бірге, биыл қатысушылар қазіргі жағдайдағы ақша-кредит саясатын, макроэкономикалық тұрақтылық және фискалдық тәртіп мәселелерін, оған қоса, қаржы секторының кибертұрақтылығы мен қаржы нарықтарының жаһандық өзгеруіндегі инновациялардың рөлі тақырыптарын қарастырмақ.


Бұдан бөлек, конгресс аясында «Цифрлық теңге» жобасын іске асыру қорытындыларының таныстырылымы өтеді.


Қазақстан қаржыгерлерінің конгресі онлайн және оффлайн форматта ұйымдастырылады. Пленарлық сессиялар мен панельдік пікірталастардың онлайн трансляциясы fincongress.kz сайтында және «Қазақстан Ұлттық Банкі» атты ресми YouTube каналында көрсетіледі.


Еске сала кетсек, өткен жылы қаржыгерлердің мерейтойлық Х конгресінде экономиканы кредиттеудегі жүйелі тәсілдер, қаржы және нақты сектордың өзара іс-қимылы, сақтандыру нарығын дамыту, қаржылық қолжетімділікке цифрлық тәсіл мәселелері және қор нарығындағы жаңа инвестициялық мүмкіндіктер қаралған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

12:14

12:04

11:39

11:37

11:32

11:22

10:59

10:37

09:59

09:21

09:19

09:11

09:11

08:37

08:21

23:08

22:54

22:42

20:45

20:38

20:24

19:58

19:38

18:50

18:41