Қуат Хамитов Өзбекстан файтерімен жұдырықтасады

Қуат Хамитов Өзбекстан файтерімен жұдырықтасады
Сурет: Ашық дереккөз

Айқас Атырау қаласында өтеді

«Найман» лақап атымен танылған қазақстандық жекпе-жек шебері Қуат Хамитов бүгін кәсіпқой карьерасындағы кезекті айқасын өткізеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қазақстандық Mergen FC промоушен ұйымдастыратын жекпе-жек кешінде Хамитов өзбекстандық файтер Бобур Абдулазизовпен (12-9) жұдырықтасады.

Sports.kz сайтының жазуынша, MFC 4 аясындағы айқас Атырау қаласында өтеді. Турнир Астана уақытымен 20:00-де басталады.

Айта кетейік, қазақстандық файтер бұл жекпе-жек кешінде ресейлік спортшы Акоп Степанянмен кездесуі тиіс еді. Алайда ол банк шотының бұғатталуына байланысты Қазақстанға ұшып келе алмады.