"Қазгидромет" мамандарының жалақысы өседі - министр

"Қазгидромет" мамандарының жалақысы өседі - министр
Сурет: Ашық дереккөз

Биыл жалақы 26-дан 111%-ға дейін өседі

Биыл "Қазгидромет" республикалық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің еңбекақысы артады. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова өзінің Instagram парақшасында мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

"Қазгидромет" қызметкерлерінің жалақысын көтеру үшін қаражат бөлуге қол жеткіздік. Биыл олардың жалақысы 26-дан 111%-ға дейін өседі. Бүгін Сенат "Республикалық бюджетті түзету туралы" заңды қабылдады. Онда "Қазгидромет" қызметкерлерінің жалақысын көтеруге қаражат қарастырылған. Соңғы екі ай бойы кәсіпорын бюджетін ұлғайтуды сұраған едік", - деп жазды Зүлфия Сүлейменова.

Министр ведомство тарапынан орман және балық шаруашылығы қызметкерлерінің де жалақысын көтеру үшін де жұмыстың жүріп жатқанын жеткізді.