Қуантыровтың костюмі қанша тұрады?

Қуантыровтың костюмі қанша тұрады?
Сурет: Ult.kz

Әлібек Қуантыров отандық өндірісті көтеру қажеттігін ерекше атап өтті.

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров киіп жүрген костюмінің бағасын айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Сенатта өткен үкімет сағатынан кейін журналистер министрден "қосарланған құн салығын көтергеннен кейін шетелдік тауарлар азайып қалмай ма?" деп сұрады.

Министр ондай қауіп жоқ екенін жеткізіп, отандық өндірісті көтеру қажеттігін ерекше атап өтті. Сосын үстіндегі костюмін көрсетті. Ал оның бағасын сұраған журналистерге:

"90 мың теңге", - деп жауап берді.