Коронавирус пневмониясына 26 адам шалдықты

Коронавирус пневмониясына 26 адам шалдықты
сурет: Inform.kz

3 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған

Қазақстанда коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияға 26 адам шалдықты, өлім-жітім болған жоқ. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

4 тамыздағы жағдай бойынша, ел өңірлерінде коронавирус инфекциясынан (КВИ+) – 28 223, коронавирус пневмониясынан (КВИ-) – 274 адам, барлығы 28 497 науқас ем қабылдап жатыр. 

Олардың ішінде 1 477 пациент стационарда, 27 020 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 35 адамның жағдайы ауыр, 8 пациенттің жағдайы өте ауыр, 3 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. 

Еске салайық, кеше Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциясынан 2 адам қайтыс болғанын мәлім етті.