Көркем гимнасшы Эльжана Тәниева Гран-при турнирінде қола жүлдені місе тұтты

Көркем гимнасшы Эльжана Тәниева Гран-при турнирінде қола жүлдені  місе тұтты
Сурет: Inform.kz

Қазақстандық Эльжана Таниева Испанияның Марбела қаласында өткен көркем гимнастикадан Гран-при турнирінде қола жүлдегер атанды.

«Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК баспасөз қызметінен мәлім еткендей, қазақстандық гимнаст доппен жаттығула 32,900 ұпай жинап, үздік үштікке енген.

Бұл жаттығуда болгариялық спортшылар алдына жан салмады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Стиляна Николова чемпион атанса, Ева Брезалиева күміс жүлдеге ие болды. Эльжана Таниеваға қола медаль бұйырды.

Биыл ақпанда Эстонияда өткен Гран-при турнирінде Эльжана Таниева күміс жүлдегер атанған еді.