Алматы қаласында бір тәулікте 15 292 адам екпе салдырды

Алматы қаласында бір тәулікте 15 292 адам екпе салдырды
Сурет: Russian.rt.com

Осы кезге дейін қаламызда вакцинаның толық дозасын 313 491 адам алған. Алматының өзге өңірлерге қарағанда, екпе салдырудан алда тұрғанын бұрын да хабарлағанбыз.


Бұл туралы ақпарат берген қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының  мәліметі бойынша, вакцина алғандардың ішінде 60 жастан асқан қарт кісілердің саны - 81 202, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

«2 шілде күні 15 292 алматылық вакцина салдырды. Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 2 шілдесі аралығында қалада вакцинаның толық дозасын 313 491 адам алды», - деп хабарлады басқарма.

 Қалада 211 пункт жұмыс істеп тұр. 1 257 адамнан тұратын 304 егу бригадасы бар. Сонымен қатар, 40 көшпелі мобильді бригада ұйымдастырылды. 

«Қазіргі медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарлар мен қаланың СОСО-да вакциналау пункті жұмыс істейді», - делінген денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.