Корея Сыртқы істер министрі Қазақстанға ресми сапармен келеді

Корея Сыртқы істер министрі Қазақстанға ресми сапармен келеді
Сурет: Ашық дереккөз

Сапар аясында корей министрінің мемлекет басшылығымен кездесуі жоспарланған

Корея Республикасының Сыртқы істер министрі Пак Чжин Қазақстанға ресми сапармен келеді. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«30 мамыр мен 1 маусым аралығында Корея Республикасының Сыртқы істер министрі Пак Чжиннің Қазақстан Республикасына ресми сапары өтеді. Сапар барысында Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеумен екіжақты келіссөздері жоспарланған», - деді ресми өкіл ведомствода өткен апталық брифингте.

Айбек Смадияровтың атап өтуінше, тараптар кеңейтілген стратегиялық әріптестіктің, оның ішінде саяси, экономикалық және мәдени өзара іс-қимыл салаларындағы Қазақстан-Оңтүстік Корея қатынастарының ағымдағы жай-күйі мен перспективаларын талқылайды.

«Халықаралық ұйымдар мен форумдар аясында екі елдің ынтымақтастығы бойынша пікір алмасу жоспарланып отыр. Сапар аясында корей министрінің мемлекет басшылығымен кездесуі жоспарланған», - деді ол.