«АрселорМиттал Теміртаудың» өндіріс мекемесінде апат болды

«АрселорМиттал Теміртаудың» өндіріс мекемесінде апат болды
Сурет: Tengrinews.kz

Апат салдарынан зардап шеккендер жоқ - компания өкілдері.

«АрселорМиттал Теміртаудың» өндіріс мекемесінде апат болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

2022 жылдың 26 ​​ қарашасында №3 әзірлемелерді үздіксіз құю машинасының (ӘҮҚМ) болат шөміш қақпасына металдың төгілуі орын алды.

«Технологиялық персонал төтенше жағдайда қажетті барлық процедураларды орындады. Металл арнайы шұңқырға құйылды. Конвертер цехы штаттық режимде жұмыс істеп тұр, ӘҮҚМ-3-ті сынақтан өткізу және іске қосу жұмыстары жүргізіліп жатыр», - деп хабарлады «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның баспасөз қызметінен.