Қор нарығында доллар тағы қымбаттады

Қор нарығында доллар тағы қымбаттады
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 1,82 теңгеге қымбаттады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Бір АҚШ долларының орташа бағамы 448,91 теңге.

Ұлттық банкттің ресми бағамы – 1 долларға 447,29 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған құны - 4,93 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктерінде доллар 450,3 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 451,5 теңге.

Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы – 448 теңге, сатып алу құны– 453 теңге.
Ресей рублі 4,83 – 4,98 теңге аралығында саудаланып жатыр.