Гимнастика: Біздің спортшылар әлем чемпионатына қатыспақ

Гимнастика: Біздің спортшылар әлем чемпионатына қатыспақ
Сурет: Оlympic.kz

18 қазан күні Жапонияның Китаксюсю қаласында спорттық гимнастикадан әлем чемпионаты басталады

Ұлттық Олимпиада комитеті дерегінше, дүниежүзілік біріншілікке қатысатын спортшылар тізімін ұсынады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Қазақстан ерлер құрама сапынан жарыс жолына Милад Карими, Нариман Құрбанов, Ильяс Азизов, Фарух Набиев және Ильфат Имарджанов шығады.

Сондай-ақ, аталған жарыс спорттық гимнастика бойынша Олимпиададан кейінгі алғашқы дода болып саналмақ. 

Спорттық гимнастика. Әлем чемпионаты. Китакюсю, Жапония.

18 қазан — квалификация (әйелдер).

19 қазан — квалификация (ерлер, әйелдер).

20 қазан — квалификация (ерлер).

21 қазан — көпсайыс (әйелдер).

22 қазан — көпсайыс (ерлер).

23 қазан — еркін жаттығу (ерлер)

24 қазан — еркін жаттығу (әйелдер)