Алматыдан 574 шақырым қашықтықта жер сілкінді

Алматыдан 574 шақырым қашықтықта жер сілкінді
Сурет: 24.kz

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Сейсмикалық стансалар желісі 4 шілде күні 13 сағат 51 минутта жер сілкінісін тіркеді.

Қазақстан аумағында 4,6 балдық жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан батысқа қарай 574 шақырым жердегі Қазақстан аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 9.7. Mагнитудасы - 4,6. Тереңдігі - 10км. МSК-64 шкаласы бойынша жер сілкінісі Алматы қаласында сезілген жоқ», - делінген хабарламада.