Тараз Дүниежүзілік қолөнершілер қалаларының тізіміне енді

Тараз Дүниежүзілік қолөнершілер қалаларының тізіміне енді
Сурет: Egemen.kz

Көне шаһар бұл тізімге Қазақстан қалаларының ішінде алғашқылардың бірі болып енді.

Өтініш 2022 жылы берілген, кейін шілде айында облыс орталығына 12 халықаралық сарапшы келген, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Qazaqtv.com сайтына сілтеме жасап.

Өз кезегінде қонақтар жамбылдықтардың қолданбалы өнер мен қолөнерді дамыту мүмкіндіктерін, өңірдің туристік әлеуетін жоғары бағалады. Ал, халықаралық қолөнершілер көрмесі барысында қаланы беделді тізімге енгізу туралы шешімді ресми түрде жариялады. Іс-шарада Тараз қаласының осындай статусты иеленуі өңірдің мәдени-рухани саласының дамуына тың серпін беріп, туристік ағынның артуына түрткі болатыны хақ деп атап өтілді.

Қолөнершілер қалаларының Дүниежүзілік тізімі 2014 жылдан бері өткізіліп келеді. Оған әлемнің елуден астам қаласы енді.