Қор нарығында доллар қымбаттады

Қор нарығында доллар қымбаттады
Сурет: ашық дереккөз

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 1,37 теңгеге қымбаттады, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

Бір АҚШ долларының орташа бағамы 479,40 теңге.

Ұлттық банктің 19 қазандағы ресми бағамы – 1 долларға 477,99 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған құны - 4,90 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктерінде доллар 477,9 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 480,3 теңге.

Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы – 477 теңге, сатып алу құны– 482 теңге.

Ресей рублі 4,85 – 4, 95 теңге аралығында саудаланып жатыр.