Қазақстанда вакцина алғандар саны 7 млн-нан асты

Қазақстанда вакцина алғандар саны 7  млн-нан асты
Cурет: shymkentaqparat.kz

Алматыда вакцинаның бірінші компонентін 966 652 адам салдырған.

10 қазандағы жағдай бойынша коронавиурсқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін 7 846 324 адам салдырған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz  ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Екінші компонентпен 6 888 423 адам (+23642) егілді. Сондай ақ өңірлердегі мәліметтер де жарияланды.

Вакцина салдыру бойынша Алматы қаласы, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстары алдыңғы қатарда.