Қор нарығында доллар бағамы шамамен 9 теңгеге өсті

Қор нарығында доллар бағамы шамамен 9 теңгеге өсті
Сурет: Inbusiness.kz

Бір доллар 477,24 теңге болды. 

Қазақстан қор биржасында (KASE) күндізгі саудада доллардың теңгеге шаққандағы бағамы қымбаттады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Күндізгі сауданың нәтижесінде доллардың орташа сараланған бағамы 8,46 теңгеге өсіп, 477,24 теңгені құрады. 

Айта кетейік, Ұлттық банктің 6-7 шілдеге белгілеген доллардың ресми бағамы 469,26 теңге.

Kurs.kz мәліметтеріне сүйенсек, 16:00-де Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу бағамы 475 теңге, сату – 480 теңге. 

Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында АҚШ валютасы орташа есеппен 474 теңгеден сатып алынып, 477 теңгеден сатылуда.