Қор нарығында доллар бағамы өсті

Қор нарығында доллар бағамы өсті
Сурет: Ktk.kz

Доллар 3,68 теңгеге қымбаттады.

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 3,68 теңгеге қымбаттады. 1 АҚШ долларының орташа бағамы – 433, 45 теңге. 

Ұлттық банктің 8 маусымдағы ресми бағамы – 1 долларға 429, 45 теңге. 

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллардың сату бағамы – 432,44 теңге, сатып алу – 436,78 теңге. 

Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 431,81 теңгеден болса, сатып алу құны – 434,08 теңге.