Учаскелік полицияның өкілеттіктері кеңейеді

Учаскелік полицияның өкілеттіктері кеңейеді
Сурет: El.kz

Бұл учаскелік инспекторға өз учаскесінде көбірек болуға және тұрғындармен алаңсыз жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Шілде айынан бастап учаскелік полиция қызметкеріне жеке және заңды тұлғаларға құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою туралы ұсыныс енгізу және оның орындалуын талап ету құқығы беріледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Сонымен қатар, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болғаны, темекі өнімдерін пайдаланғаны, әкімшілік қадағалауды бұзғаны және көлік құралдарының қозғалысына кедергі келтіргені үшін әкімшілік жаза қолдану жөніндегі өкілеттіктері кеңейді.

«Бұл учаскелік инспекторға өз учаскесінде көбірек болуға және тұрғындармен алаңсыз жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Учаскелік инспектордың жұмысына ПИК, ЖИБ, жұртшылық өкілдерін профилактикаға тарту, сондай-ақ тұрғындармен әлеуметтік желілерде топтар құру үлкен демеу болды, соның арқасында азаматтар өз полицейлерін тани бастады», - делінген ведомствоның хабарламасында.