Қызылша жұқтырған 4 бала ауыр хәлде жатыр

Қызылша жұқтырған 4 бала ауыр хәлде жатыр
Сурет: ашық дереккөз

Елордада қызылша инфекциясын жұқтырған 4 бала реанимация бөлімінде жатыр. Бұл туралы қалалық №3 көпбейінді балалар ауруханасы директорының орынбасары Роза Өтегенова мәлім етті, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

«Қаңтар айының басынан бүгінге дейін 100-ге жуық бала қызылшадан емделіп шықты. Қазір реанимация бөлімінде 4 бала жатыр. Олар қызылша жұқтырғанға дейін есепте тұратын, диагнозы бар балалар. Оның үстіне екпе алмағандықтан қиынға соғып жатыр», - деді Роза Өтегенова Астана қалалық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Маманның мәлімдеуінше, көптеген фактор халықтың қызылшаға қарсы иммунитетінің әлсіздігінен.

«Елордада өткен жылғы 6 қарашадан бастап бүгінге дейін 36,5%, яғни 44 800 бала екпе алды. Сонымен қатар ревакцинация жүргізіп, балаларға уақтылы екпе салу қажет», - дейді ол.