Қызғалдақтың құны қыздан қымбат па?

Қызғалдақтың құны қыздан қымбат па?
Сурет: интернеттен

Түркістан облысында қызғалдақ жұлған қызға 11 млн теңгеге дейін айыппұл салынуы мүмкін.

Бойжеткен қызғалдақтарды жұлып, видео түсіріп, оны желідегі парақшасына салып қойған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Видео Ордабасы ауданы, Ұялыжар ауылдық округінде түсірілген. Ол Қызыл кітапқа енген «Грейг» қызғалдақтарын жұлған. Бұған қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Полиция істің мән-жайын анықтап жатыр. Бұл қылмыс үшін 3000 АЕК (11 076 000 тг) көлемінде айыппұл салынуы мүмкін.