Елімізде халық саны көбейді

Елімізде халық саны көбейді Сурет: 7kun.kz

Қаңтар-тамыз аралығында 263,8 мың адам дүниеге келген.


Статистика бюросының мәліметінше, жыл басынан бері халық саны 163,7 мың адамға көбейді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


2022 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша, қазақстандықтардың саны 19 миллион 666 мың 800 адам болды. Бұл ретте 12 млн 131 мың 100 адам (61,7%) қалада, 7 млн ​​535 мың 700 адам (38,3%) ауылдық жерде тұрады.


Республика халқының табиғи өсімі 8 айда өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,6% төмендеп, 172,4 мың адам болды.



АХАЖ мәліметтері бойынша, қаңтар-тамызда Қазақстанда 263,8 мың адам дүниеге келген. Бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11% аз. 1000 адамға шаққандағы туудың жалпы коэффициенті 20,19 туылды.



Сонымен қатар 91,4 мың адам қайтыс болды. Бұл өткен жылдың қаңтар-тамыз айларымен салыстырғанда 22,3% аз. Жалпы өлім көрсеткіші 1000 адамға шаққанда 7 өлім болды.


Сәби өліміне келсек, ол да 5,8% төмендеді. Өйткені республикада 2208 нәресте өлімі тіркелді. Жалпы нәресте өлімінің көрсеткіші 1000 туылғанға шаққанда 8,37 жағдай болды.


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

13:17

13:14

13:09

13:02

12:51

12:35

12:17

12:11

12:07

11:49

11:40

11:25

11:24

10:57

10:49

10:44

09:43

09:26

09:18

08:50

08:21

21:06

20:37

20:24

20:06