Қызды балағаттаған ер адам 48 300 теңге айыппұл арқалады

Қызды балағаттаған ер адам 48 300 теңге айыппұл арқалады
Сурет: ашық дереккөз
Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ұсақ бұзақылық фактісі бойынша ер адамға қатысты әкімшілік істі қарады, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.

Cот 2023 жылдың қазан айында №118 маршруттық автобусының салонында болған кезде C-ның балағат сөздер айтып, Д. есімді жолаушыға құрметсіздік танытып, оны қорлап, сол арқылы қоғамдық тәртіпті бұзғанын анықтады.

Сот отырысында С. іс материалдарында баяндалған фактілерді растады және жасаған ісіне өкініш білдірді.⠀

«ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін С. кінәлі деп танылып, оған 48 300 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл түрінде әкімшілік жаза тағайындалды.⠀Сот істің мән-жайын, сондай-ақ жәбірленуші мен айыпталушының татуласу туралы пікірін ескерді», делінген сот хабарламасында.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.