«Қыз Жібек» спектаклі циркте қойылды

Алматыдағы Қазақ мемлекеттік циркінде «Қыз Жібек» театрландырылған қойылымы көпшілік назарына ұсынылды.
Туындының авторы – режиссер Әлия Құдайбергенова. Спектальді тамашалауға Асанәлі Әшімов, Досмұхан Абаев сынды театр тарландары қатысты. «Қыз Жібекті» циркте қоюға өнерпаздар үш ай дайындалған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Qazaqstan.tv сайтына сілтеме жасап.
Каскадерлер ерекше өнер көрсетіп, көрерменге естен кетпес кеш сыйлады.
Айта кетейік, биыл Қазақ мемлекеттік циркінің ашылғанына – 50 жыл.
"Жоғары баға алса, алдағы уақытта «Қыз Жібек» спектаклін әрі қарай қойып, гастрольге шығуды жоспарлап отырмыз", - дейді Қазақ мемлекеттік циркінің директоры Мақсат Жайықов.