Зілтемірші Ерасыл Сәулебеков әлем чемпионы болды

Зілтемірші Ерасыл Сәулебеков әлем чемпионы болды
Сурет: 24.kz

Алтын медальды жеңіп алды.

Қазақстандық зілтемірші Ерасыл Сәулебеков жастар арасындағы әлем чемпионатында алтын медальды жеңіп алды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Vesty.kz сілтеме жасап. 

Мексикада өтіп жатқан турнирде ол 67 келіде алдына жан салмады. Сәулебеков 281 (123+158) келі көтерді.

Айта кетейік, осы біріншілікте бұл Қазақстан қоржынына түскен үшінші жүлде және бірінші алтын болып отыр.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от IWF (@iwfnet)