Алматыда полицейлер ағаштан секірмек болған мас адамды құтқарды

Алматыда полицейлер ағаштан секірмек болған мас адамды құтқарды
Сурет: Polisia.kz

Алматыда полицейлер ағаштан секірмек болған мас адамды құтқарды

4 маусым күні Алматыда полицейлер ағаштан секірмек болған мас адамды құтқарды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Iшкі істер министрлігінің ресми сайтындағы дерек бойынша, 3 маусымда Әуезов аудандық ПБ-ның кезекші бөліміне ішімдік ішкен белгісіз ер адам мас күйінде 3-ші ықшам ауданның №20 үйдің жанында жүргені туралы қоңырау келіп түсті.

Оқиға орнына жеткен учаскелік инспекторлар ақпаратты растады. Шындығында, ер адам жүрген жоқ, ағаштың басында отырды. Оның жеке басы бірден анықталды – 1972 жылы туған Б.есімді азамат.

«Мас адам бірнеше рет төмен қарай құлауға тырысты. Өтіп бара жатқан адамдар оны мұндай әрекет жасамауға көндіруге тырысқан кезде, учаскелік инспектор Әділет Шегебаев қызметтік көйлегін шешіп, ағашқа өрмелеп шығып, ер адамның өз-өзіне қол жұмсауға тырысқан әрекетіне тосқауыл қойды. Төменде адамның өміріне бейжай қарамайтын азаматтар тентті жайып, жігітті тосып алуға дайын тұрды», деді Әуезов аудандық ПБ бастығы Ұлан Әбілхайыр.