Қыс ішіндегі жаз

Қыс ішіндегі жаз
Сурет: Turist.delfi.ee

Испанияда температура 28 градусқа дейін жетті.

Көршілес Португалияда да осындай жағдай. Енді қос мемлекетте қуаңшылық мәселесі ушығып барады. Сондықтан билік суды тұтынуды шектеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. 

Күннің ыстығына тұрғындар мәз болғанымен мамандар бұл климаттың өзгеруінің көрінісі екенін ескертеді.

Осы жаһандық жылыну кесірінен Австралияның Квинсленд штатынының бір бөлігінде дауыл ойран салса, басқа аудандарының тұрғындары 40 градустық аптап ыстыққа дайындалып жатыр. 2023 адамзат тарихындағы ең ыстық жыл болды. Мамандар биыл одан да ыстық бола ма деп алаңдаулы.

Еуропадағы қазіргі ахуал сол болжамдарды растап отырғандай. Жыл басынан бері Испанияда аномальды ауа райы тіркелді. Қыс ортасында елдің бірқатар өңірінде күн ысып, ауа температурасы плюс 28 градусқа дейін көтерілген. Бұған мәз болған тұрғындар суға шомылып көңіл көтеруде. Мамандар болса бұл қуанатындай жағдай емес дейді. Өйткені бірнеше жылдан бері Пиреней түбегін қуаңшылық жайлап, ахуал ушыққан. Құрғақшылықтан әсіресе Каталония аймағы көп зардап шегіп отыр. Өңір билігі ауызсу пайдалануды шектеуге мәжбүр. Тіршілік нәрін үнемдеу үшін түрлі шаралар қолға алынып жатыр.