Балалық шағы мен кедейлікке деген кек кітапқұмарлыққа әкелген

Балалық шағы мен кедейлікке деген кек кітапқұмарлыққа әкелген Сурет: Facebook.com - Sabin Morad

Әлемде талай қызық бар!


72 жастағы Мұхаммед Азиз әлемде суретке ең көп рет түсірілген кітап сатушы. Күні бойы кітаптан бас алмайтын ерекше кітап сатушы Марокконың Рабат қаласында тұрады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Халықтың 26% - ы әлі хат танымайтын елде кітап сату ісі - бұл өз қаласы мен әдебиетіне деген сүйіспеншіліктен болса керек.


6 жасынан бастап жетім қалған Азиздің өмірі қиындыққа толы болғаны сондай, ол орта мектепті аяқтай алмаған.  Өйткені оның оқулық сатып алатын жағдайы болмаған. 1963 жылы 15 жасында ол алғаш рет кітап сатушы ретіндегі ісін 9 кітаптан бастаған. Ағаш астында отырып, кілемге жайып сата бастаған Мұхаммед Азиздың дүкенінде бүгінде мыңдаған кітап бар.


Бір қызығы, оның бүкіл өмірі сол кітаптарының арасында өтіп жатыр. Ол уақытының басым бөлігін, яғни күніне 6-дан 8 сағатқа дейін кітап оқуға жұмсайды және тек тамақтануға, дұға етуге, темекі шегуге және клиенттерге көмектесу үшін үзіліс жасайды екен. Қалған уақытта ол кейінірек өз дүкенінде сатылатын кітаптарды іздеу үшін аудандарды аралайды.


Бұл әрекетін кітапқұмар адам өзінің балалық шағы пен кедейліктен алған өші деп санайды. 


"Мен араб, француз, ағылшын немесе испан тілдерінде 4000-нан астам кітап оқыдым, яғни 4000-нан астам өмір сүрдім деуге болады. Әркімнің осындай мүмкіндігі болуы керек! Менің күнімнің ойдағыдай өтуі  үшін маған тек екі жастық пен кітап болса жеткілікті", - дейді Мұхаммед Азиз. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:32

18:41

18:15

17:40

17:20

17:12

16:53

16:36

16:17

16:08

16:00

15:49

15:35

15:32

15:13

15:03

13:04

12:53

12:42

12:24

12:22

12:09

11:53

11:50

10:26