Қырғызстан президенті Қазақстанға келеді

Қырғызстан президенті Қазақстанға келеді
Cурет: Akorda.kz

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Қазақстанға келеді.

Садыр Жапаровтың Қазақстанға ресми сапары 18-19 сәуірде өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

Қырғызстанның Қазақстандағы елшісі Дастан Дюшекеев екі ел басшылары Жоғары мемлекетаралық кеңес отырысын өткізетінін айтты. Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылайды.

Сонымен қатар Садыр Жапаров Қазақстандағы Қырғыз киносы күндерінің ашылуына және басқа да мәдени іс-шараларға қатысады.

Еске салайық, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровпен телефон арқылы сөйлесіп, оған және қырғыз халқына су тасқынына байланысты гуманитарлық көмек көрсеткені үшін алғысын білдірген еді.