Испанияда өткен халықаралық турнирде қазақстандық таеквондошылар үшінші орын иеленді

Испанияда өткен  халықаралық турнирде қазақстандық таеквондошылар  үшінші орын иеленді
Сурет: Olympic.kz

Таеквондодан Испанияда өткен G-1 санатындағы халықаралық турнирде қазақстандық спортшылар төрт медаль жеңіп алды. 

Ересектер арасында Әзірет Дүйсенбек (54 келі) пен Нұрлан Мырзабаев (87 келі) алтын медаль алды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап. 

Абдурахмон Марипов (74 келі) күміс иеленсе, Жавовирхан Исламовтың (58 келі) еншісінде қола бар.

Ал кадеттер арасындағы бәсекеде Қазақстан құрамасы бірінші орыннан көрінді.