Қырғызстан мемлекеттік туын жаңартты

Қырғызстан мемлекеттік туын жаңартты
Сурет: 24.kg

Бішкектің бас алаңында Қырғызстанның жаңартылған мемлекеттік туы көтерілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Салтанатты рәсімге Қырғыз республикасы Министрлер кабинетінің төрағасы, мемлекеттік хатшысы және басқа да мемлекеттік қызметкерлер қатысты. Қырғызстанның туын өзгерту туралы заңды “Жоғарғы Кеңес” 20-желтоқсанда қабылдады және оған 22 желтоқсанда Президент қол қойған. Қабылданған заңға сай, Қырғыз Республикасының туындағы күн сәулесі иректен түзу сызыққа өзгертілді.