АҚШ халқының басым бөлігі ел экономикасының құлдырағанын айтады

АҚШ халқының басым бөлігі ел экономикасының құлдырағанын айтады
Сурет: Logist.today

АҚШ экономикасында бәсеңдік байқалды

Американдықтардың 70 процентке жуығы «АҚШ-тың экономикасы қиын жағдайда», деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап

Бұл туралы «Уошингтон Пост» және «Эй-Би-Си» компаниясы қарашаның 7-сі мен 10-ы аралығында жүргізген сауалнамадан кейін белгілі болды. Оған бір мыңнан астам азамат қатысқан.

Сондай-ақ, респонденттердің 49 проценті ковидке қарсы шараларға көңілі толмайтынын, ал 47 проценті қолдайтынын көрсеткен. Сарапшылардың айтуынша, АҚШ-тағы экономикалық жағдайға тауар жеткізу ісінің кедергіге ұшырауы басты себеп. Осының кесірінен елде инфляция деңгейі өскен.

Мәселен, халық саны ең көп Калифорния штатында газдың бір галлоны 4682 долларға қымбаттады. Бұл бұрын-соңды болмаған ең жоғары баға.