Хэллоуин мерекесінде болған қайғылы жағдайға байланысты Кореяда тергеу басталды

Хэллоуин мерекесінде болған қайғылы жағдайға байланысты Кореяда тергеу басталды
Сурет: Aa.com.tr

Оңтүстік Корея билігі қайғылы оқиғаға қатысты тергеу ісін бастады.

Ел Премьер-министрі Хан Дак Су жіті тексеріс жүргізілетініне уәде берді. Куәгерлер болған жайтқа полицияны айыптап отыр. Қазір оқиға орны қоршауға алынды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. 

Ал жақын маңдағы дүкендер мен қоғамдық тамақтану орындары жабық тұр. Тұрғындар қыспақта мерт болғандардың құрметіне гүл шоқтарын әкеліп жатыр. Қайғылы оқиғаға қатысты елде 5 қарашаға дейін Ұлттық аза тұту күні жарияланды. Мемлекеттік Ту төмен түсірілді.

Айта кетейік, 29 қазанда Сеулде Хэллоуин мерекесін тойлау кезінде 154 адам мерт болды. Олардың 26-сы - шетелдік. Арасында Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Австралия, Норвегия, Шри-Ланка, Иран және Қытай азаматтары бар.