Қазақстандықтар ел iшiнде көп қоныс аударуда

Қазақстандықтар ел iшiнде көп қоныс аударуда Сурет: Mail.ru

Бұл көрсеткіш 7,4%-ға көбейген.


263,9 мыңнан астам адам Қазақстанның бір аймағынан екіншісіне көшті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz  LS cілтеме жасап.


Мұндай деректерді 2022 жылдың қаңтар-қыркүйегінде Ұлттық статистика бюросы жариялады. 2021 жылдың қаңтар-қыркүйегіне қарағанда бұл көрсеткіш 7,4%-ға көп.


Ағымдағы жылдың есепті кезеңінде тұрғындардың көпшілігі Алматыға көшті – 56,1 мың (+13,8%). Оның ішінде Алматы облысынан – 22,4 мың адам, Жамбыл облысынан –  5679, Жетісу облсысынан – 4925, Астанадан – 4395, Түркістан облысынан – 4297, Шымкенттен – 2386, Қызылорда облысынан – 2055.


Елордасы Астанаға 55,8 мың адам көшті (+7,2%). Ақмола облысынан – 10,9 мың, Түркістан облысынан – 5398, Қарағанды облысынан – 4445, Алматы облысынан – 3811, Жамбыл облысынан – 3668, Павлодар облысынан – 3556 адам қоныс аударды.


Үшінші кезекте Алматы облысы – 30,4 мың адам (+9,6%). Мұнда Алматыдан-14 мың, Жетісу облысынан – 4092, Жамбыл облысынан – 2628, Түркістан облысынан – 2390, Абай облысынан – 1193 адам келді.


Өз кезегінде Шымкентке басқа өңірлерден 23,8 мың адам (-17,4%) көшіп келді, оның 17,6 мыңы Түркістан облысынан, тағы 1881-і Астанадан, 1103-і Алматыдан, 663-і Жамбыл облысынан.


Түркістан облысы 2022 жылдың тоғыз айында басқа өңірлерден 21,5 мың адамды (+5,3%) қабылдады: Шымкенттен – 12,5 мың, Астанадан – 2726, Алматыдан – 1467, Алматы облысынан – 913 және басқалар.


Сондай-ақ, 13,1 мың тұрғын (-3,5%) Ақмола облысына, оның ішінде Астанадан – 7103, СҚО – 2204, Қостанай облысынан – 617 және Қарағанды облысынан – 551 тұрғын тіркелді.


Ал Жамбыл облысына 8039 адам (-10,1%) көшті: Алматыдан – 1979, Астанадан – 1640, Алматы облысынан – 1195, Түркістан облысынан –  945 және т. б.


Басқа өңірлерге келетін болсақ, Қарағанды облысына 7242 адам (+16,4%), Жетісу облысына* – 4954, Маңғыстау облысына – 4809 (-5,1%), Ақтөбе облысына – 4701 (-0,9%), Қызылорда облысына – 4659 (+2,3%) адам көшті.


Сондай-ақ Павлодар облысына 4466 (-6,7%), Абай облысына* – 4271, ШҚО – 3993 (-33,2%), Қостанай облысына – 3851 (+5,1%), Атырау облысына – 3604 (+7,8%), БҚО – 3152 (+7,5%), СҚО – 3550 (+3,9%) және Ұлытау облысына* – 1967.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:41

20:11

19:52

19:32

18:49

18:13

18:02

17:54

17:40

17:20

17:14

17:01

16:30

16:25

16:18

16:16

16:10

15:53

15:42

15:28

15:20

15:17

15:16

15:15

15:12