Ауданның ескірген инженерлік инфрақұрылымын жаңарту қажет

Ауданның ескірген инженерлік инфрақұрылымын жаңарту қажет
Сурет: Inbusiness.kz

Құрылысты 2023 жылдың наурыз айында бастау көзделген. 

Бұл мәселелер мегаполис басшысы Ерболат Досаевтың Әуезов ауданындағы халықпен кездесуінде  айтылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Сіздерді Әуезов ауданындағы бірінші кездесуімізде  көргеніме қуаныштымын! Қазіргі уақытта бірқатар ең проблемалық учаскелер бойынша тез арада шешім қабылдау керек. Мәселен, осы жылдың қыркүйек айында «Достық» шағын ауданында (22 көшеде су бұру) және «Арычная, Ықылас, Западная» көшелерінде сумен жабдықтау және су бұру желілерін салу үшін 2 жобаның жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу жоспарланған», -деп атап өтті мегаполис басшысы.

Анықтама үшін: Проблемалық учаскелер тізімі:

- «Достық» шағын ауданында - 22 көшеде канализация жүйесі жоқ;

- «Саин-Шаляпин-Жандосов көшелері - Қарғалы өзені» шаршысына кіретін үйлерді сумен жабдықтау желісіне қосу бойынша;

- «Мамыр-4» шағын ауданында және «Арычная, Ықылас, Западная» көшелерінде сумен жабдықтау және су бұру желілері тозған.

«Қазіргі уақытта «Саин-Шаляпин-Жандосов көшелері – Қарғалы өзені» шаршысында және «Мамыр-4» шағын ауданында пайдаланылатын уақытша сумен жабдықтау желісі бойынша дереу шешім қабылдау қажет. Менің тапсырмам бойынша осы сумен жабдықтау және су бұру желісіне арналған 2 жобаның жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеуге конкурс жарияланды. Олар осы жылдың 30 мамырында аяқталады. Құжаттама әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өткеннен кейін 2023 жылы біз құрылыс-монтаждау жұмыстарын бастауды көздеп отырмыз», -деді қала басшысы.