Хатай қаласында үйінділердің астынан екі бала мен олардың анасы тірі табылды

Хатай қаласында үйінділердің астынан екі бала мен олардың анасы  тірі табылды
Сурет: Baigenews.kz

Таңғажайып жағдай Антакияда болған.

Хатай қаласында екі бала мен олардың анасы үйінділердің астынан тірі табылды. Барлығы да жақын жердегі ауруханаға жеткізілген, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Айта кетейік, бұған дейін Кахраманмарашта 74 жастағы анасы мен оның 42 жастағы қызы аман-есен құтқарылған еді. Соңғы мәліметтерге сай, Түркия мен Сирияда зілзала құрбандарының саны 41 мыңнан асты. Екі елде 26 миллиондай тұрғын шұғыл гуманитарлық көмекке зәру. Олардың көбі қыстың суығында үй-күйсіз қалған.