«Біз салауатты өмір салты үшін!» концерттік акциясы өтті

«Біз салауатты өмір салты үшін!» концерттік акциясы өтті
Сурет: Almaty-akshamy.kz

30 маусым күні  28 гвардияшыл-панфиловшылар атындағы саябақта Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен, Алматы қаласы Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры және Алматы қаласы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасымен бірлесіп халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне арналған «Біз салауатты өмір салты үшін!» концерттік акциясы өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

 Іс-шара барысында қала тұрғындары, жасөспірімдері мен жастары ДО тәрбиеленушілері дайындаған концерттік бағдарламаны тамашалап, «Біз есірткіге қарсымыз!» тақырыбындағы викторинаға қатысты. Сонымен қатар, іс-шара аясында қолөнер бұйымдары және «Біз салауатты өмір салты үшін!» плакаттар көрмесі мен ДО оқытушыларының шеберлік сабақтары өтті. Байқау жеңімпаздарына символикалық сыйлықтар берілді.

 Алматы қаласының кинологиялық қызмет көрсету орталығының қызметкерлері «Бүркіт» қызметтік-іздестіру итімен ішінде есірткі заттарының имитаторлары бар заттарды іріктеу бойынша қойылым өткізді. Қойылымнан кейін барлық ниет білдірушілер бүркітпен ойнап, онымен естелік фотосуретке түсті.

Акция соңында, Балаларды қорғау күніне және нашақорлыққа қарсы күрес айлығына арналған «RYH - MARAFON» XIX-шы жалпықалалық спартакиадасының жеңімпаздары салтанатты түрде марапатталды.

 Турнир кестесінің қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді:

 III орынды «Барыс» Демалыс орталығының командасы иеленді;

II орын – «Дархан» ДО командасы;

I орынды «Көкжиек city» ДО командасы иеленді.

  Еске сала кетейік, биылғы спартакиаданың басты ерекшелігі турнирге қатысушыларды қолдаушы DIEGO жолбарысы болды. Ол спортшыларды қиындықтарды жеңуге және алға қойған мақсаттарына жетуге жігерлендіретін күштің, күш пен жеңіске деген ұмтылыстың символына және  қатысушылардың досына айналды.

 Спартакиада 3 - 27 маусым аралығында спорттың 5 түрінен: 600 және 800 метрге жүгіруден, шағын футбол, стритбол, үстел теннисі және боулингтен тунирлер өткізілген болатын. Жеңімпаз командаларға құрмет грамоталары, медальдар, кубоктар және сыйлықтар табыс етілді.