Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» қоғамдық бірлестігіне жаңа президент сайланды

Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» қоғамдық бірлестігіне жаңа президент сайланды
Сурет: E-history.kz

Астанада халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының кезектен тыс құрылтайы өтіп жатыр.

Құрылтай барысында ұйымның президенті Берік Әбідғалиұлы өзінің мемлекеттік қызметке ауысуына байланысты орнына басқа адамды ұсынатынын айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Осылайша қоғамның президенттігіне Bilim Media Group компаниясының басшысы, «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қорының директоры Рауан Кенжеханұлының кандидатурасы ұсынылды.

Құрылтайға республиканың әр түкпірінен жиналған делегаттар ашық дауыс берді.

Соның нәтижесінде Рауан Кенжеханұлы халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті болып сайланды.