Халықаралық Фараби форумы өткізілді

Халықаралық Фараби форумы өткізілді
Сурет: Tengrinews.kz

Форумда әл-Фарабиге арналған деректі фильм көрсетілді.

Сондай-ақ әл-Фараби мұрасы мен түркі халықтарының рухани дәстүрлеріне арналған кітап көрмесі мен «Дәстүрлі түркі құндылықтары» атты сурет көрмесі өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«әл-Фараби және түркі халықтарының рухани дәстүрлері» атты Халықаралық Фараби форумының басты мақсаты – ұлы ойшылдың шығармашылық мұрасын қазіргі заман тұрғысынан түсінуге негізделген жалпы және көптеген ғылыми бағыттар бойынша ғылымның дамуына тың серпін беру. Форумда жаһандану дәуірінде қажетті жаңа интеграциялық дүниетаным қалыптасу жолындағы мәдениеттер мен халықтардың өзара бірлігіне негізделген әл-Фарабидің кешенді идеяларын жан-жақты ғылыми талдау міндеттері алға қойылған.

Халықаралық Фараби форумының негізгі бағыттары:

  • әл-Фараби және түркі-ислам өркениетінің философиялық негіздері.
  • әл-Фараби ілімі және түркі-ислам өркениетіндегі қоғамдық-саяси ойлар.
  • әл-Фараби және Фарабитану ілімі: ойшыл мұрасын зерттеудегі жаңа бағыттар.

Форум аясында мынадай пікірталас алаңдары мен байқаулар өткізілді:

I Талқылау алаңы «Адам психикасын зерттеудің заманауи әдістері»

II Талқылау алаңы «Жаңа Қазақстан: университеттің «үшінші миссиясын» жүзеге асыру тәжірибесі»

III Талқылау алаңы «Білім берудегі цифрлық трансформация: технологиялар мен перспективалар»

IV Талқылау алаңы «Мәдениеттер диалогы және конфессияаралық келісім – мемлекеттік қауіпсіздіктің негізі»

V Талқылау алаңы «Тәуелсіз Қазақстанда саясаттанудың қалыптасуы мен дамуы».

VI Талқылау алаңы «Кіші Фараби академиясы»: «Қайырымды қала концепциясы және заманауи қала мәдениеті»

VII Философиялық эссе байқауы

VIII Бейнероликтер байқауы «Қазақ философиясының өзектілігі»